Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Балқаш полицейлері ер адамның мәйітін тауып алды

2019 жылдың 2 қыркүйек 2019 16:11

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Балқаш қаласында 26 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

30 тамыз күні Балқаш қаласының Сейфулин көшесінің аулаларының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 26 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 23 жастағы азаматты анықтады. Күдікті марқұмның денесіне жарақат салғанын мойындады», - деп мәлім етті Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сәйкес сараптамалар тағайындалды.


Жоғары қарай