Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Балқашта отандық және шетелдік туроператорлар бас қосты

2019 жылдың 15 маусым 2019 06:12

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Балқаш қаласында үлкен туристік жиын өтуде. Облыс әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастырған форумға еліміз өңірлерінен, Ресейдің Түмен және Омбы қалаларынан, сондай-ақ Монғолиядан туроператорлар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, туроператорлар Балқаш курорттық аймағындағы жағажайлық демалыс жағдайларымен танысады. 14 маусымда кәсіпкерлер ондаған демалыс аймағын аралап шықты.

«Біз ұсыныстар, баға жайлы білеміз, мұның бәрі бізде бар. Осы форумға демалыс орындарын өз көзімізбен көріп, түмендіктерге өздеріміздің шынайы сезімдерімізді, әсерлерімізді жеткізу үшін келдік. Қазақстанда және атап айтқанда, Балқаш қаласында табиғат тамаша, демалыс орындары жайлы, және де бағалары да қолжетімді. Қонақжайлылық жоғары деңгейде, адамдары жақсы», - дейді Түмен делегациясының мүшесі Татьяна Семенова.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі көліктік қатынас болып табылады. Пойызбен жету үшін туристер ауысып отырулары тиіс болады. Ал автомобильдік саяхат көп уақытты алады. «Трансфер мәселесі шешілсе, көптеген қиындықтар жойылып, ресейлік туристер ағымы ұлғаяр еді», - дейді туроператорлар.

Моңғолиядан келген қонақтың айтуынша, оның фирмасында Алтай мен Шығыс Қазақстанға шетелдік туристерді тарту тәжірибесі бар. Енді ол Балқаш маңындағы көріністерге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Туристік форум аясында Балқаш қаласында «Денсаулыққа жол» атты жеңілатлетикалық марафон және кемелер шеруі өтті. Сенбі күні, 15 маусымда форумның пленарлық отырысы өтеді. Онда сала өкілдері отандық туризмді дамыту мәселелерін талқылайды.

Жоғары қарай