Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

«Барахолкадағы» өрт: Қоймаларда тез жанатын құрылыс материалдары бар

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 16:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Барахолкадағы» қоймаларда тез жанатын тауарлар бар. Бұл туралы жеке кәсіпкер Жанат Әлмағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен жұмыс орныма жұма намаздан кейін, сағат 14:00-де келдім. Сол кезде «Мизам» базарының қоймасынан шыққан өртті көрдім. Көршілеріме көмектесу үшін әріптестеріме, балаларыма телефон соғып, осы қоймаларды босатып алдым. Мұнда негізінен дүнгендер жұмыс істейді. Оларға тауарларды шығаруға көмектестік. Біз тауарлардың аз ғана бөлігін шығарып алдық, себебі олар ауыр болды. Мұнда тез жанатын құрылыс материалдары, шиналар, сөмкелер бар. Өрттің шыққан себебін білмеймін. Бізге әлі хабарлаған жоқ», - деді кәсіпкерлердің бірі Жанат Әлмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «барахолка» жанып жатыр. Өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылып, өрт әуеден сөндіріліп жатыр.

Жоғары қарай