Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Бәрі заңға сәйкес болды – ІІМ вице-министрі Бишімбаевтың босап шығуы туралы

2019 жылдың 14 қазан 2019 10:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы Ұлтты экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың босап шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот шешімі шықты. Жоғарғы сот бұл іске қатысты мән-жайды түсіндірген болатын. Жоғарғы соттың шешіміне қатысты пікір білдіруге құқым да, құзыретім де жоқ. Бәрі заң шеңберінде болды. Қандай нормативті құжаттардың қабылданғаны туралы мән-жайдың бәрі түсіндірілген», - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген жауабында.

Марат Қожаев бұрынғы министр пробациялық бақылауда болатынын мәлім етті.

«Әу бастағы үкімге қатысты шағым қаралып, сот отырысы өтті. Сотталу мерзімі менің білуімше 4 жылға дейін қысқарған. Ол мерзімнің үштен екі бөлігін өтеген. Жылдан астам уақыт қалған. Осы мерзімді өтеу оған жеңілдетілген», - деді ол.

Еске сала кетсек, 11 қазанда Шымкент қаласындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұған дейін сотталған министрдің қорғаушысы оның жазасын өтеу тәртібін өзгертуді сұраған болатын.

Еске сала кетсек, былтыр наурыз айында бұрынғы ұлттық экономика министрі мен осы іске қатысты өзге де айыпталушыларға үкім шыққан еді. Сот үкімімен Қуандық Бишімбаевтің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Сонымен бірге, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Биылғы 4 қаңтарда Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне ауыстырылған еді.

Жоғары қарай