Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

«Барыс» «Автомобилист» командасынан басым түсті

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 22:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті «Автомобилист» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, екі команда бүгінге дейін 30 мәрте шеберлік байқасты. Оның 19-ы елордалық клубының басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Сондай-ақ, соңғы үш кездесуде «Барыс» хоккейшілері мықтылығын көрсетті.

Айдын иелері ойын барысында сол кеткен есені қайтаруға күш салған еді. Оған қазақстандық хоккейшілер мүмкіндік берген жоқ. Елордалық клуб алғашқы минуттан шабуыл шебінде сенімді ойын көрсетті.

Бірінші кезеңнің 15-минутында «Барыс» шабуылшысы Корбан Найт мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін қауіпті сәттер кездескен еді. Алайда таблодағы есеп сол күйінше қалды.

Екінші кезеңнің 21-минутында «Автомобилист» таразы басын теңестіріп кеткен еді. Бұл голды Рафаэль Батыршин өзінің еншісіне жазды. Бұдан кейін «Барыс» сапынан Никита Михайлис 31, Линус Виделль 38-минуттарда мергендік көрсетті. Ал 54-минутта ресейлік Евгений Мозер есеп айырмасын қысқартты. Ойынның бітуіне 21 секунд қалғанда қарсылас команда бос қақпасына Найджел Доус гол соғып кетті. Осылайша «Барыс» 4:2 есебімен жеңіске жетті. Елордалық клуб жалпы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал шығыс конференциясында және Чернышев дивизионында өз орнын сақтап қалды.

Бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің Уфа қаласында жергілікті «Салават Юлаев» командасынан жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» елордада екі ойын өткізеді. Алдымен 30 қаңтарда Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) ойнаса, 1 ақпанда «Авангард» (Омбы) клубымен кездеседі.

Фото: www.hcbarys.kz
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай