Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Бас прокуратура барлық әуежайлардың маңындағы жер телімдерін тексереді

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 14:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Алматы маңындағы ұшақ құлаған ғимараттардың заңдылығын тексереді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, елімізде осындай оқиға орын алды. Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Апат орнындағы ғимараттың қаншалықты заңды немесе заңсыз салынғанын тексереміз. Сонымен бірге, Алматы әуежайы ғана емес, барлық әуежайлар маңындағы жер телімдерінің жеке меншікке қалай берілгенін анықтаймыз», - деп жауап берді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілші сауалына.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Жоғары қарай