Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Баспасөз хатшылары департамент директоры деңгейімен теңестірілмек

2019 жылдың 24 маусым 2019 11:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда баспасөз хатшыларының санаты департамент директоры деңгейімен теңестірілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды бағыт - бұл мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара іс-қимылы. Баспасөз қызметінің жұмысына үлкен назар аударылып отыр. Соңғы уақытта мемлекеттік органдар бірінші басшыларының баспасөз қызметтеріне қарым-қатынасы қатты өзгергендігін барлық жауапкершілікпен айта аламын», - деді ол жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңесте.

Д.Абаевтың айтуынша, ендігі уақытта министрлер де, әкімдер де баспасөз хатшылардың жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын болған.

«Бұл уақыт талабы. Біз өз тарапымыздан жыл сайын баспасөз қызметтері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары мен семинарларын өткізіп, ең белсенді әрі сауатты баспасөз хатшыларды Astana Media week аясында ынталандырып отырамыз. Біз алғаш рет баспасөз хатшыларының мәртебесін БАҚ туралы заңда жаздық. Қазіргі уақытта баспасөз хатшысы санатын департамент директорына дейін көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Жоғары қарай