Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Батаменен ел көгерер: Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілікке беймәлім видеосы жарияланды

2019 жылдың 22 маусым 2019 20:08 1648

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Телерадиокешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілікке беймәлім видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат кешеннің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Телерадиокешен Елбасының 90-жылдардағы ел ішіндегі іссапарларынан үзінділер жариялаған. Видеода Тұңғыш Президенттің ақсақалдардан бата алған сәттері көрініс тапқан.

«Батаменен ел көгерер демекші, бата беру - баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі - ел басшысына берілетін бата боп саналады. Мінекей, осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы - «Лидер эпоxи Независимости» атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Мұнда жергілікті ақсақалдардың республиканың жаңа басшысына бата берген сәттері бейнеленген» делінген жазбада.

Айта кетейік, бүгін сағат 22:00-де «Хабар» арнасында Президент Телерадиокешенінің «Лидер эпоxи Независимости» атты жаңа деректі фильмі көрсетіледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Батаменен ел көгерер демекші, бата беру дәстүрі баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. ⠀ 🎬Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі-елбасшыға берілетін бата боп саналады. Мінекей, назарларыңызға осындай тариxи оқиғаның кинохроникасы Телерадиокешеннің жаңа жобасы «Лидер эпоxи Независимости" атты деректі фильмінде өз орнын тапқан. Жергілікті ақсақалдар республиканың жаңа басшысына батасын берген сәттері бейнеленген. ⠀ @khabartv арнасынан 22:00-де біздің «Лидер эпоxи Независимости" атты жаңа деректі фильмімізді өткізіп алмаңыздар📺 ______ Одна из народных пословиц гласит: жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер (Благодаря дождю земля зеленеет, благословением процветает страна). ⠀ Бата беру является бесценной ценностью и традицией казахского народа. Одним из таких благословений является бата аксакала молодому руководителю государства. А вот фрагмент из фильма Телерадиокомплекса Президента РК «Лидер эпоxи Независимости”, где местные аксакалы благословляют Н.А.Назарбаева. ⠀ 🎬Премьеру фильма можете посмотреть на канале “Хабар” сегодня в 22:00.

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz) 22 Июн 2019 в 5:19 PDT

Жоғары қарай