Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Батыс Қазақстан медуниверситетінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды - ДСМ

2019 жылдың 18 қазан 2019 13:28

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің аудиторлық тексеруі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетіндегі бірқатар кемшіліктерді анықтады. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоспардан тыс аудиторлық тексеру қорытындысын құқық қорғау органдарына жіберді.

«11 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жауапты хатшы Ботагөз Жакселекованың төрағалығымен мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде жүргізілген жоспардан тыс мемлекеттік аудиторлық тексеру қорытындысы қаралды. Анықталған кемшіліктер аз емес, атап айтқанда, у ниверситеттегі материалдық тауарлар негізсіз есептен шығарылған, азаматтық-құқықтық мәміле шарттарына сәйкес келмейтін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бар. «Жастар-Арена» стадионына жүргізілген құрылыстың сапасы төмен және еңбек заңнамасы бұзылған» делінген хабарламада.

Кеңесте аталмыш медуниверситеттен тексеру барысында табылған барлық материалды құқық қорғау органдарына жіберу туралы шешім қабылданды.

Айта кету керек, өткен жылы 15 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Онда сыбайлас жемқорлық бойынша күдік болған кезде жедел ден қою және материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына жіберу қарастырылған.

Жоғары қарай