Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Батыс Қазақстанда бірқатар жолдар жабылды

2019 жылдың 2 наурыз 2019 19:49

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша қатты боранға байланысты сағат 15.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара - Шымкент жолында (394-526 км, Жымпиты - Ақтөбе облысы шекарасы аралығы) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Есесіне ауа райының жақсаруына байланысты Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы жолы ашылды. Бүгін таңнан бастап бұрқасын мен желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуіне байланысты тағы бір республикалық маңызы бар Орал - Тасқала - РФ шекарасы (31-104 км, Переметныйдан шекараға дейін) жолы жабылған еді.

«Жолдардың жабылғаны жөнінде тұрғындарға СМС хабарлар жіберіліп жатыр. Ал облыстық жолдар кешеден бері ашылған жоқ», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылған болатын. ын жазған болатынбыз. Сонымен қатар, кеше БҚО-да жолдар жабылып, ауа райына байланысты тағы да ескерту жарияланған-ды. Облыста қазіргі кезде қала мен елдімекендерден қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жоғары қарай