Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Батыс Қазақстанда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

2019 жылдың 12 мамыр 2019 20:53

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 13 мамыр күні кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ дауыл тұрып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Қазіргі кезде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар алынуда.

Оған қоса соңғы күндері облыста күн қатты ысып кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайтынын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай