Батыс Қазақстанда жел күшейеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметінше, 28 қазан күні өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Облыс орталығы Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралардың алынып жатқандығын хабарлады.
Оралда бүгін де жел күшейе бастады.