Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Бауыржан Байбек нағыз нұротандық қандай болуы керектігін айтты

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Жастар Отанға!» жыл сайынғы республикалық жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында жастар үшін әлеуметтік лифтілер құру, жұмысқа орналасу, жатақхана тапшылығы, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру сынды мәселелер көтерілді. Бауыржан Байбек лагерь қатысушылары тарапынан туындаған сауалдарға жауап бере келе «Nur Otan» партиясын жүйелі жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, нағыз нұротандық қандай болуы тиістігіне қатысты ойымен бөлісті.

«Nur Otan» - бұл тәулік бойғы түсінік. Сен тек сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін ғана нұротандық бола алмайсың. Әйтпесе бізде бүгін бір нәрсе, ертең басқаша айтатын кейбір депутаттар бар. Кім бастық екендігіне байланысты. Бізге ондай нұротандық керек емес. Олар адамдарға, елге көмектесу үшін келмеген. Олар лауазымды қызмет атқару және өздерінің мәселелерін шешу үшін келгендер. Міне, сондайларды анықтап, партия қатарын тазарту қажет. Нұротандықтар елді өзгерткісі келетін, оны жақсарта түскісі келетін адамдар болуы тиіс«, - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, ол Партия Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар» деп жас буынға үлкен сенім артып отырғанын, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында жастарға берілетін білім сапасына айрықша назар аударылғанын айтты.











Жоғары қарай