Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Байдарка мен каное есуден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар финалға шықты

2019 жылдың 25 мамыр 2019 11:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшада байдарка мен каноеде есуден әлем кубогы кезеңі жалғасуда. Қазақстандық спортшылар жартылай финал және финалдық бәсекелерге жолдама алды деп жазады Olympic.kz.

500 метрге жарысудан ерлер арасындағы жекелей сында Ануар Акчурин, 200 метрге жарысудан екі адамдық бәсекеде Тимур Хайдаров пен Мерей Медетов, сондай-ақ, Владимир Петров пен Виктор Степанов финалдық кезеңге өтті.

Төрт адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы жарыста София Молина, Ирина Подойников, Виктория Копьева, Анастасия Березовскаялар жартылай финалда бақ сынайды.

Ерлер арасындағы төрт адамдық байдаркада Илья Голендов, Андрей Ергучев, Дәулет Сұлтанбеков және Александр Емельянов ақтық сынға өтті.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай