Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Бәйдібек ауданында ауыл жастары үшін футбол алаңы ашылды

2019 жылдың 27 қазан 2019 23:18

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Бәйдібек ауданында ауыл жастары үшін жаңадан футбол алаңы ашылды. Шақпақ елді мекеніндегі мектептен түлеп ұшқан түлектер алаңның ашылуына демеушілік жасап, заман талабына сай салғызып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында пайдалануға берілген алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Танагөзов пен Шақпақ ауылының тұрғындары қатысты.




Ауыл ақсақалдары демеушілерге алғысын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

«Мұндай нысандар әдетте қалалық жерлерде бой көтеріп, шаһарда өмір сүретін жастар үшін ғана қол жетімді еді. Енді, міне, ауылымызда да заманауи үлгідегі ашық алаң салынып, ауыл жастары спортпен шұғылдануға басымдық беріліп отыр. Осы спорт алаңында дені сау, рухы таза, патриоттық сезімі мол біздің ауыл жастары спортпен шұғылданып, біздің өңірден де болашақта Қазақстанның көк байрағын биіктерге көтеретін футболшы спортшылар шыға берсін»,- деді ауыл ақсақалдары.




Айта кету керек, Бәйдібек ауданында заманауи спорт нысандарының көптеп ашылуы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түседі. Бұған дейін аталған ауданнан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Марат Мықтыбеков (Азиядағы дзюдо федерациясының президенті), Еркебұлан Шынәлиев (бокстан 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиаданың қола медаль иегері), Қасымхан Төленбай (Қазақ күресінен Әлем чемпионы) сынды спорттағы оғландар шыққаны белгілі.




Жоғары қарай