Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Бәйдібек ауданында «Аялы алақан» қайырымдылық шарасы өтті

2019 жылдың 23 қазан 2019 22:50

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Аялы алақан» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің күндізгі қатынау бөлімшесінде тіркеуде тұрған бүлдіршіндер әннен шашу шашып, түрлі тақпақтар айты. Келген қонақтарға ойындар көрсетіп, арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Аталған шараға қатысқан бөлім басшысы Шадиярбек Отыншиев сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен ата-аналарына жылы лебізін білдірді.

«Қамшының сабындай мына қысқа өмірде әрбір адам баласы шама шарқынша аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін. «Жанашырлыққа жан риза» демекші, қамқорлыққа мұқтаж балалардың жанашыр қамқоршысы болып, сауабы зор қарекетке атсалысу адамзаттың парызы болмақ. Бүгінгі шараға атсалысып, ақ ниеттер еселене түкен «Аялы алақан» кеші алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады», - деді Шадиярбек Отыншиев.

Шарадан кейін бүлдіршіндерге дастархан жайылып, тәттілер таратылды.







Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Жоғары қарай