Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Байқоңыр 2019 жылғы алғашқы ұшырылымға әзірлік жүргізуде

2019 жылдың 26 наурыз 2019 21:39 903

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті ұшырылым  2019 жылдың 4 сәуіріне белгіленген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұшырылымға бортында «Прогресс МС-11» көліктік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы әзірленуде. Бұл, 2019 жылы Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшырылатын алғашқы ғарыш кемесі болмақ.

«Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Энергия» ғарыш корпорациясының мамандары «Прогресс МС-11» жүк кемесіне жанармай және сығымдалған газ толтыру жұмыстарын сәтті орындады. Жанармай құюдан кейін кеме монтаждық-сынақ кешеніне жеткізіліп, әзірліктің соңғы операцияларына  арналған стапельге орнатылды», - деп хабарлайды Ресей ғарыш корпорациясының баспасөз қызметінен.

null 

Ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа жанар-жағармай, су және басқа да жүктерді жеткізуі тиіс.

 

 

Басты сөздер: Ғарыш, Байқоңыр,
Жоғары қарай