Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Байқоңыр қаласында акциз салығына өзгерістер енді

2017 жылдың 4 қазан 2017 16:42

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында акциз салығына өзгерістер енді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлнар Сапарғалиева айтты,деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы органдарды құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР мен РФ арасындағы келісімге енгізілген өзгерістерге байланысты, хаттама Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 24 қарашадағы №22V1 Заңымен күшіне енді.

Осы келісімнің 12-1 бабына сәйкес, Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының басқа аумағында тіркелген жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар арасында жасалатын тауарларды өткізу айналымдары болған жағдайда, Байқоңырдан ҚР өзге аумағына тауарлар әкетілетін, елдің өзге аумағынан қалаға тауарлар әкелінетін жағдайда нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады.

Мемлекеттің негізгі тірегі салық мәселесі туралы Мемлекет басшысы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам атты тарихи еңбегінде бірнеше мәрте тоқталып өтеді. Ондағы 43-44-45 қадамдарда: Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құруды тапсырады. Сонымен бірге орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болатынын ескертеді...

Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру мен қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу міндеті қойылды. Мұнан өзге кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімін оңтайландыру мәселесі нақты айтылды.

ҚР заңнамасына сәйкес әкелу кезінде салық салынуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының аумағынан ҚР өзге аумағына тауарлар әкелуге ҚР салық органдары өндіріп алатын және ҚР бюджетіне төленетін жанама салықтар ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкалармен салынады.

ҚР өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге РФ заңнамасына сәйкес РФ аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.

Жоғары қарай