Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

«Бәйтерек» монументіне келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалды

2019 жылдың 3 маусым 2019 21:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» монументі келушілеріне қолайлы жағдайлар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«Бәйтерек» монументінде елорда тұрғындары мен туристеріне қолайлы жағдай жасау үшін жайлы күту аймақтары ашылды. Кезекте тұрған кезде жаңбырдан және күннен қорғану немесе мобильдік құрылғыларды қуаттау немесе шағын дәмханада тамақтану үшін кіре берістерге шатырлар орнатылды. Сондай-ақ, бұл жерден кіру билетін сатып алып, экскурсия уақытына балалардың арбасын қалдыруға болады», делінген хабарламада.


null


null

Сонымен қатар, биыл жазда «Бәйтерек» монументінің жұмыс кестесі де өзгерді, енді ол таңғы сағат 09.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ашық болады.

Билеттің құны бұрынғыдай: ересектер үшін - 700 теңге және балалар үшін - 300 теңге. 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалар, 5 жасқа дейінгі балалар монументке тегін кіреді. Ал 3-ші топтағы мүгедектер билетті 50% жеңілдікпен сатып алады.


null

«Бәйтерек» монументі бір мезетте 60 келушіні қабылдай алады, ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген 5 экскурсовод туристерге қызмет көрсетеді. Экскурсиялар адамдардың қалауы бойынша ұйымдастырылады, экскурсияның құны билетке енгізілген.

Айта кетерлігі, «Бәйтерек» монументі - астананың басты көрікті орындарының бірі. Нысан 2002 жылы бой көтерді. Оны жылына орта есеппен 580 мыңға жуық турист тамашалайды. Келушілер саны жазда күрт артады.

Басты сөздер: Әкімдік, Туризм, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай