Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Бельгия астанасында халықаралық автосалон ашылды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 11:47

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында 97-ші Бельгия автосалоны ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

110 мың шаршы метрден астам ауданды алып жатқан алаңда 70-тен астам бренд таңдаулы өнімдерін ұсынады. Олардың кейбірі еуропалық немесе әлемдік деңгейдегі бірнеше премьера өткізеді.


Ұсынылған тауарлардың ішінде жеңіл, коммерциялық автомобильдер, фургондар, шағын автобустар, мотоциклдер, қосалқы бөлшектер, тіпті аксессуарлар да бар.


Ресми ақпаратқа сүйенсек, шоуға Ford Mondeo Clipper Hybrid, Jaguar F-Type Chequered Flag, Range Rover Evoque, Opel GTX Experimental, Hyundai i40 Wagon, Mini Cooper, Opel Zafira Life секілді әлемнің үздіктері қатысады.





Бұдан тыс, алғаш рет Еуропа жұртшылығына BMW 8, BMW X7, Mazda 3, Porsche 911 (992), Toyota Prius, Vanderhall Motor Works Venice, Volvo S60 маркалары көрсетіледі.





18 қаңтарда ашылған 97-ші Автомобиль көрмесі 10 күнге жалғасады. Биыл ұйымдастырушылар автосалонға 500 мыңнан астам көрермен келеді деп болжап отыр.




















Авторы: Тимур Дүйсекеев

Басты сөздер: Еуропа, Оқиға,
Жоғары қарай