Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Беларусь елінде жасы жүзден асқан 380 адам тұрады

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 20:59

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь астанасы - Минскі қаласы ұзақ өмір сүретіндердің саны бойынша көшбасшы, ал елде олардың саны 380-нен астам адамды құрайды. Бұл туралы бүгін журналистерге еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевич айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Белта агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда республикада жасы жүз және жүзден асқан 382 адам тұрады », - деді министр. Оның ішінде Минскіде ұзақ өмір сүретіндердің саны - 68.

Ирина Костевич мемлекет қарт және егде жастағылардың, ең алдымен өзіне өзі қамқорлық жасай алмайтын адамдардың қолайлы өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін түрлі шараларды іске асырып жатқандығын атап өтті. Олардың арасында әлеуметтік сала қызметтері, әлеуметтік патронат, сондай-ақ интернат-үйлер желісінің орны ерекше болып отыр.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай