Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Беларусь Еуразия экономикалық одағына төрағалық ете бастады

2020 жылдың 3 қаңтар 2020 16:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусь 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия экономикалық одағы органдарына - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне төрағалық ете бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БелТА порталына сілтеме жасап.

Ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасы лауазымын Беларусь тарапының өкілі Михаил Мясникович болады. Алдыңғы жылдары ол әртүрлі мемлекеттік қызметтерді, атап айтқанда Ұлттық отырыс Кеңесінің төрағасы, премьер-министр, Президент әкімшілігінің басшысы және Ұлттық ғылым академиясының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Михаил Мясниковичтің кандидатурасы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңесте мақұлданды. Ол өзінің басты міндеті - барлық құжат пен ЕАЭО басшыларының саяси ерік-жігерін жүзеге асыру деп атады.

«Өзара қабылдаған шешімдерді пысықтау үшін көптеген қажетті, жоспарлы жұмыстар болатынын жақсы түсінемін. Менің білімім мен тәжірибем мұны жүзеге асыруға көмектеседі деп ойлаймын», - деді Михаил Мясникович Санкт-Петербургте.

Беларусь өкілі ЕАЭО елдерінің бірқатар шенеуніктерімен жеке кездесіп, стратегиялық мәселелерді талқылауға уәде берді.

«Менің ойымша, негізгі базаны құрған жалпы инфрақұрылымдық жобаларды құру туралы (ЕАЭО елдерінің қарым-қатынасы - БЕЛТА түсіндірмесі) мәселелерде, біздің мемлекеттеріміздің экономикасы үшін бірдей болуы керек техникалық реттеумен байланысты жобаларды құруда айтарлықтай ілгерілеуіміз керек», - дейді ол.

Сонымен қатар, 2020 жылы Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына тең төрағалық етпек. ТМД-дағы төрағалық Өзбекстанға өтті және Түркіменстан кезекті тең төрағасы болды.


Жоғары қарай