Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Беларусьте Өкілдер палатасы жетінші шақырылымының депутаттары бекітілді

2019 жылдың 22 қараша 2019 18:23

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комисссиясының отырысында Беларусьтың Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының жетінші шақырылымы депутаттарын сайлаудың нәтижелері бекітілді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Облыстық және Минск қалалық сайлау комиссиясы өкілдерінің отырысында аймақтар мен ел астанасында науқанның қалай өткендігі туралы айтылды. Олардың есептерін қарай отырып, ОСК Өкілдер палатасының жетінші шақырылымы депутаттарын тіркеді.

Жетінші шақырылған Өкілдер палатасының депутаттарын сайлауға сайлаушылардың 77% -дан астамы қатысты.

Парламенттің жаңа құрамына 110 депутат сайланды, олардың 19,1%-ы, яғни 21 адам – саяси партия мүшелері.

Сайланған депутаттардың 44-і –әйел, бұл жалпы депутаттар санының 40%-ын құрайды.




Басты сөздер: Беларусь, Сайлау,
Жоғары қарай