Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Бердібек Сапарбаев: АӘК алып отырғандардың 58% – ауыл халқы

2019 жылдың 23 тамыз 2019 15:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы шаралара қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Nur Otan » партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысында жүктеген тапсырмалары туралы сөз қозғаған Бердібек Сапарбаев қандай бағыттағы әлеуметтік шараларға назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Елбасының, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, бағыт-бағдарларын орындау мақсатында Үкімет қазіргі таңда тиісті іс-шараларды қабылдады. Үкіметтің ең негізгі міндеті – қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтардың жалақысы осы жылы екі есе өсті. Жалпы, 3 млн қазақстандықтың жалақысы 15-тен 30 пайызға дейін көбейтілді. Ең үлкен берілген тапсырма – қазақстандықтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Қазіргі біздің мемлекетімізде жүзеге асыры л ып жатқан 14 мемлекеттік бағдарлама арқылы біз осы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді вице-премьер Үкіметтің баспасөз орталығында.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, биылғы тапсырма бойынша елімізде кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек.

«Көріп отырғандарыңыздай, 7 айдың қорытындысы бойынша ол тапсырма 60 пайызға орындалды. Оның ішінде 150 мыңнан астамы – нақты жұмыстар. Оған қосымша қазіргі таңда сұраныс жоқ мамандық иелеріне сұранысқа ие болған мамандықты оқыту үшін қысқа мерзімдегі курстар ұйымдастырылған. Сіздер білесіздер , мемлекетімізде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалар ы жүзеге асы рылы п жатыр. Микронесиелік гранттар, оған қосымша Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларына сәйкес, қосымша тағы 15 мың грант берілді. Соның нәтижесінде жастар өздерінің кәсіптерін ашып, тұрмыстарын жақсартты», - деді Бердібек Сапарбаев.

Премьер- М инистрдің орынбасары осы шараларды жүзеге асыру үшін соңғы нақтыл ан ған бюджет бойынша 32 млрд теңге бөлін генін атап өтті.

«Қазірге дейін 341 мыңнан астам отбасы немесе 1 млн 800 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Республикалық бюджеттен бұл бағытта 103 млрд теңге бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмекті алып отырғандардың 58 пайызы – ауыл халқы. Ауыл адамдары қосымша 83 мың адам өздеріне керекті малын, техникасын сатып алуға мүмкіндік алды. Жалпы, АӘК арқасында отбасылардың табысы екі есе өсті», - деді ол.

Жоғары қарай