Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Берік Уәли ҚР Президенті атына ашылған фейк-аккаунтқа қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 17 маусым 2019 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы @elbasy-tokayev деген аккаунтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшаларды көрсетіп, менен олардың Мемлекет басшысына қатысы қаншалықты деп жиі сұрайды. Бүгін Instagram-дағы @elbasy-tokayev деген аккаунт туралы сұрақ келіп түсті. Мен ол аккаунттың Қасым-Жомарт Кемелұлына ешқандай қатысы жоғын және оның фейк екенін ресми түрде мәлімдеймін. Сондықтан сол және басқа да аккаунттарда жарияланған ақпараттар ресми болып саналмайды», - деп жазады Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін де Берік Уәли Президенттің атына ашылған фейк-аккаунттар туралы айтқан болатын.

Жоғары қарай