Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Бет-әлпетті тану жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылған жоқ - Алматы полициясы

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 10:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қала аудандарының бірінде бет-әлпетті тану жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылмағанын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында полиция департаменті мен компания Алматы қаласының аудандарының біріне Qamqor атты тұлғаны тану жүйесін енгізу жөнінде меморандум жасасқаны туралы хабарлама тарады. Бұл - компанияның пилоттық жобасы. Олар жүйенің жұмысын Алматы қаласының Медеу ауданында көрсетуге ниет білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласының ПД меморандумға қол қойған жоқ», - деп хабарлайды қалалық полиция.

Бұған дейін «ақылды камералар» қанатқақты режімде Көк базар периметрі бойынша орнатылатыны хабарланған болатын.

«Алматы қаласы Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқық бұзушылықты төмендету мен қылмысты анықтауға мүмкіндік беретін жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр. Жасанды талдау интеллектісі жобасы аудандағы құқық қорғау органдары, кәсіпкерлер және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы арасында тиісті меморандумға қол қойылғаннан кейін іске асырылмақ», - делінген Медеу ауданы баспасөз қызметінің мәліметінде.


Жоғары қарай