Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бейбіт Қорған ақтөбелік аз қамтылған отбасы балаларына концерт қойды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 21:05

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әнші Бейбіт Қорған Ақтөбеге келіп, полиция қызметкерлерінің, аз қамтылған отбасы балаларына концерт қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші Бейбіт Қорған Ақтөбе облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт қойды.

«Концертке көрермен ретінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, «Аяла» оңалту орталығының балалары және полиция тізімінде тұрған балалар және қарттар үйінің тұрғындары мен қызметін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің балалары мен жұбайлары шақырылды. 2018 жыл Қазақстанда ҚР Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» имидждің жобасы ретінде өтті. Бұл жоба қоғамда балаларға қатысты заңға қайшы әрекеттерді болдырмауға бағытталған. Жоба аясында ел көлемінде баста мақсаты балалардың құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған іс-шаралар өтті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.




null

Бейбіт Қорған арнайы қонақтар үшін өзінің «Сен», «Шоқ қыздар», «Тыңдашы, жаным» и «Қасымда бол!» сияқты танымал әндерін орындады. Концерттік бағдарлама соңында




null

Полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Келімбердин Бейбіт Қорғанға ведомства бастығы атынан алғыс хат табыстады.

Жоғары қарай