Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Бейжіңде Қазақстан суретшілерінің туындылары таныстырылды

2019 жылдың 29 қыркүйек 2019 15:23

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық суретшілер әлемдегі ең ірі арт-алаң – 8-ші Бейжің халықаралық көркем биенналесіне қатысты. Шара Қытай астанасында осы аптада аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Олардың арасында танымал қазақстандық суретші Аранша Шаржановтың «Spring» картинасы бар. Сондай-ақ, жас қазақстандық суретшілер: Тәтібаева Гүлмарал («Aigolek»), Жәнібек Сәулет («Traffic Regulations») және Әсемқұл Бейбіт («Graphic Brothers») өз жұмыстарын ұсынды.




Биылғы биенналенің ұраны – «Көп түсті әлем мен бірлескен болашақ» болды. Көрмеге 113 елден 595 суретшінің 640 туындысы қойылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген шеберлердің жұмыстарына арналып алғаш рет жеке экспозиция ұйымдастырылды. Онда А. Шаржановтың «Spring» картинасы жұртшылық назарына ұсынылды.




Биеннале ұйымдастырушыларының айтуынша, суретшілердің тақырыптары табиғатқа, өмірге және адамзаттың жалпы тағдырына арналған. Көрме Қытайдың Ұлттық көркем музейінде («Мэйшугуань» галереясында) өтті.







Автор: Руслан Сүлейменов

Басты сөздер: Өнер, Мәдениет, Қытай,
Жоғары қарай