Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бибісара Асаубаева шахматтан халықаралық гроссмейстер атанды

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл атақ қазақ шахматшысына ФИДЕ-нің Будапеште өткен президенттік кеңесінде берілді.

«Негізі бұл атақты алу үшін рейтингте 2300 ұпай жинап, 3 бірдей позиция бойынша жоғары көрсеткіш нормаларын орындау қажет. Біздің Бибісара бұл көрсеткішті баяғыда бағындырып қойған. Тек оны ресми рәсімдемеген болатын. Оның мақсаты - халықаралық ерлер гроссмейстері көрсеткіштерін орындау. Сондықтан, бұл нәтижесіне бұған дейін өзі аса мән бермеген. 15 жастағы шахматшыдан күтеріміз көп. Қазір Маңғыстау облысынан шығып, Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Ол сөзсіз таланты шахматшы. Болашағынан бұдан да үлкен жетістіктер күтеміз», - дейді шахматтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев.

Бибісара Асаубаеваның өзі Facebook-тегі парақшасында белді сыйлықтың ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, марапаттау шарасынан фото және видеолармен бөлісті.

«Спорт саласындағы еңбегі мен жетістіктері үшін берілетін «Алтын Мангуст» халықаралық сыйлығының ұйымдастырушыларына шексіз ризашылығымды білдіремін! Мұндай жоғары марапатқа ие болу мен үшін үлкен абырой!», - деді ол.






Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай