Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева өз кінәсін мойындады

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.

«Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...) Күдікті өз айыбын толық мойындады», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында.

Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жоғары қарай