Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бір топ ақтөбелік тағы да қаржы пирамидасына алданып қалды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 00:38

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде « Golden city» қаржы ұйымына алданғандар полицияға арыз жаза бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында таяуда қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталған болатын. Бүгін тағы бір ұйымға қатысты қылмыстық іс қолғаны белгілі болды.

«Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Зардап шеккендер Сазды полиция бөліміне барып, арыз жазуы тиіс», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Алданғандар арасында отбасымен ақша аударғандар бар. Олардың әрқайсысы 300 мың теңгеден қаржы салған.

«Үш ай ішінде ақшаны екі есе үстемақымен қайтаруға болатынын айтып, уәде берді. Қолымызда келісімшарт та бар. Бір отбасындағы бес адамның әрқайсысы 300 мың теңге апарды. Барлығы 1,5 млн теңге болды. Алуға келгенде басшылық жоқ, қайда барарымызды білмей жүрміз», - дейді салымшы Гүлжан Берішбаева.





Жоғары қарай