Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бір жылда Telegram-бот арқылы жарты миллион қызмет көрсетілген

2019 жылдың 21 мамыр 2019 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Смартфондағы Тelegram қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді қолжетімді еткен @egovkzbot қызметіне бір жыл толды. Осы мерзім аралығында аталмыш бот көмегімен 534 мың қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлі мемлекеттік қызмет пен сервистерді алуға мүмкіндік береді. Жиі сұралатын анықтамалардың ішінде мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, психиатриялық, наркологиялық диспансердің анықтамалары бар. Бұған қоса, кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйінде тіркелгендердің тізімін қарай алады.

@Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрігердің қабылдауына жазылып, борышкерлер тізімінде бар-жоғын тексеріп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

@Egovkzbot-ты қолдану үшін азаматтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Бұл үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Айта кетейік, бір жыл ішінде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердің саны 320 мыңнан асты.

Жоғары қарай