Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

#Birge #TazaQazaqstan: Алдағы аптада Нұра өзенін тазалаймыз – Бақтияр Мәкен

2019 жылдың 3 тамыз 2019 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, #Birge #TazaQazaqstan акциясын өткізудің мақсаты астаналықтарды тазалыққа шақыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент бастап, Үкімет басшысы қолдаған бұл акцияның біз үшін және табиғат үшін маңызы зор. Себебі, алдымен өзен-көлдер қалдықтардан тазартылса, екіншіден бұл шара адамдарды экологиялық мәдениетке шақырудың бірден бір құралы. Міне, осымен үшінші апта ұйымдастырылған тазалық шарасына астаналықтар белсене қатысуда. Экологиялық акцияны күзге дейін, яғни күн суытқанша жалғастыратын боламыз. Алдағы демалыста Нұра өзенінің жағалауын тазалау жоспарда тұр», - деді Бақтияр Мәкен.

Өткен аптадағы #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы кезінде әкімнің орынбасары елорда маңындағы өзендердің бойына қоқыс контейнерлері қойылатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, бүгін шаһар басшысы Алтай Көлгіновтің қатысуымен астаналықтар Майбалық көлінің жағалауын тазартты.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Әкімдік, Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай