Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Бірқатар екінші деңгейлі банктердің  ақпараттық жүйелерімен біріктіру жүргізілді - Алмат Мадалиев

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 13:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде сот орындаушылары борышкердің мүлкі туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың 52 базасынан алады. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бірнеше жыл ішінде сот орындаушыларының қызметі айтарлықтай мобильді және сапалы болды. Бұған Ұлт жоспарының 27-ші қадамын орындау аясындағы жемісті жұмыс, бұрын жоспарланған реформаларды жүзеге асыру ықпал етті. Бүгінгі таңда атқарушылық құжаттардың едәуір бөлігі жеке негізде орындалуда. Оң нәтижелер автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дамуымен, сот орындаушыларға мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына оңай қолжетімділік пен олардың іс жүргізу әрекеттерін автоматтандырумен байланысты», - деп тоқталды вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, бірқатар екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен біріктіру жүргізілді (жиырма жеті банктен он төрт банк). Бүгінде сот орындаушылары борышкердің мүлкі туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың 52 базасынан алады. «СМС-хабарлама» қызметі іске қосылды. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан және қамтамасыз ету шараларын қабылдағаннан кейін борышкерлерді хабардар ету рәсімі әлдеқайда жылдамдатылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде былтыр сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал түскені айтылды.



Фото: www.adilet.gov.kz


Жоғары қарай