Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілері қызметінен босатылды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 12:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Жоғары қарай