Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Бірнеше ірі төтенше жағдайдың салдарын жойған Алима

2019 жылдың 8 наурыз 2019 11:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қиын және төтенше жағдайларда адамдарға күнделікті көмек көрсететін «көрінбейтін майданның жауынгерлері» де бар. Солардың бірі азаматтық қорғау подполковнигі Алима Жаманқұлова 16 жылдан астам өмірін өртке қарсы қызметке арнаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекші-диспетчерлік қызметтің жедел кезекшілері мен диспетчерлерін «көрінбейтін майдан жауынгерлері» деп бекер айтпаған. Олардың жұмысы, бір қарағанда, көзге көрінбейді. Оларды өрт сөндіру аймағында, қар құрсауында, су тасқынында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көрмейсіз. Бірақ дәл осы әйелдер өрт сөндіру қызметінің «құлағы», «қолы» және «жүрегі» екендігін барлығы біледі.

Солардың бірі Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Алима Сыздықбекқызы қызмет атқару барысында бірнеше рет ірі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты. Дәл осы нәзік жанның тәуліктік кезекшілігі уақытында, 2016 жылы «Мұнай БК» АҚ аумағында бензині бар цистерналар, Қорғасын стансасында цистерналар жанып, 2017 жылы «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ аумағында өрт болды.

Оның жедел ден қоюы мен сауатты әрекетінің арқасында барлық апаттық-құтқару қызметтерін хабарландырылып, өзара іс-қимыл мен үйлестірілуі нақты ұйымдастырылды. Сондай-ақ төтенше жағдай орнына өрт сөндіру поездары дер уақытында жіберілді, Нәтижесінде өрттің басқа резервуарларға, цистерналарға және жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.

Алима Жаманқұлованың жұмысына деген құштарлығы, сүйіспеншілігі мен асқан дәлдігі жоғары басшылықтың да назарынан тыс қалмады. Ол «Мінсіз қызметі үшін» медальымен, «ҚР ІІМ ТЖК 20 жыл», «ҚР ІІМ 25 жыл», «Өртке қарсы қызметке 100 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Жоғары қарай