Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Бірыңғай валюталық одақ құру қарастырылған емес - Ерболат Досаев

2019 жылдың 13 қараша 2019 11:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ЕАЭО-ның бірыңғай валютасын енгізу ресми құжатта мүлдем ескерілмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісімде экономикалық одақты құру идеясы негіз болғаны нақты көрсетілген, яғни валюталық одақты құру мүлдем ескерілмеген. Бұл бірыңғай валютаға қатысты қауесет қайта-қайта пайда болуда, осыған байланысты сұрақтарды түрлі формада менің өзіме де қойып жатады. Атап айтқанда, бірыңғай валюталық одақты, бірыңғай валютаны құру келісімде қарастырылмаған», - деп нақтылады Е. Досаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол ЕАЭО-ға мүше әрбір ел ақша-несиелік саясаты мәселелерінде дербес екенін атап өтті.

«Сондықтан тұтас қаржылық тәуелсіздік Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір қатысушысында жекелей сақталады», - деп атап өтті ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Жоғары қарай