Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Біржан Нұрымбетов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2019 жылдың 27 қазан 2019 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі осы жылдар ішінде тек ресми шараға ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды.

Құрметті сала қызметкерлері, Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі.

Бүгінгі күні әлеуметтік қорғау жүйесінде 30 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 10 мыңнан астамы – әлеуметтік қызметкерлер. Сіздер табысы аз, көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге және мұқтаж азаматтарға әрдайым көмек көрсетесіздер.

Адам бойындағы сенім, мейірім мен әділдік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор. Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз үшін Сіздерге мың алғыс білдіре отырып, отбасылық бақыт және әлеуметтік саланың өркендеуі мен дамуы жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!», - деді Біржан Нұрымбетов өз құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қазанның соңғы жексенбісінде аталып өтеді.

Жоғары қарай