Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Биыл елордада жол апаттарынан 70 бала жарақаттанды

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 09:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу шарасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейд 1 -30 қыркүйек аралығында өтеді.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, оқу жылының басталуына орай полицейлер мектептер маңындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтарын тексеріп шыққан.

«Қазіргі кезде 91 мектеп, 100-ден астам балабақша мен шағын орталықтар, 42 колледж маңына тексерістер жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекемелерге хаттамалар жіберілді. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустары тексерілді», - делінген баспасөз хабарламасында.




Сондай-ақ ювеналдық және әкімшілік полиция қызметкерлері балалар мен ата-аналар үшін профилактикалық акциялар өткізеді, Жол жүру ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында рейдтер ұйымдастырады.

«Елордада осы жылдың жеті айы ішінде кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 3 бала мерт болды, 70-і түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Ал балалардың кінәсынан болған 37 жол-көлік апаты тіркелді», - деді департаменттен.


Жоғары қарай