Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Биыл сарыағаштық 585 отбасы баспаналы болады - Түркістан облысы

2019 жылдың 7 наурыз 2019 21:39 1602

ТҮРКІСТАН.  ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бес қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл жобаларға облыстық бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып отыр. Көпқабатты тұрғын үйді салу үшін Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 120 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.


null

Бұдан басқа, аудандағы Құркелес ауылдық округінде 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қапланбек елдімекеніндегі Жәутіков атындағы мектепке оқу корпусы мен спорт залы, асхана және шеберханасы салынуда. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде Ғ.Мұстафин атындағы 300 орындық мектеп және  Дарбаза ауылдық округінде мектепке қосымша 150 орындық оқу корпусы мен жиналыс залы, спорт зал, асхана және шеберханалары бой көтеруде.



null

 

 

Жоғары қарай