Ауа райы
Астана 34 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Биыл Түркістанда жаңа шағынаудан бой көтереді

2020 жылдың 20 ақпан 2020 22:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Түркістан қаласында 25 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Түркістан» ӘКК басшылығы мен құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында «Сырдария» және «Арман» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау мәселесі талқыланды. Келіссөз барысында құрылыс салушылардың үй құрылысын аяқтау үшін қаржы жетіспей жатқаны анықталды. Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап қаржыландыру шарттарын анықтап, нақты механизмдерді мақұлдады.




«Сатуға арналған құрылысы жүріп жатқан объектілер алаңының жалпы көлемі - 58 мың шаршы метр, ал жалпы сомасы шамамен 10 млрд теңгені құрайды. Жаңа шағын аудан 800-ден астам жас және көпбалалы отбасының биыл баспаналы болуына мүмкіндік береді» делінген хабарламада.




Еске сала кетсек, 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Түркістан – жаңа қала» шағынауданында 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ал 2020 жылы 25 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.








Жоғары қарай