Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -15 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Биылғы Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:

Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Ахметова Күләш - 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Әбдікұлы Төлен - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) - 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшіров Ахмет - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

Бақтыгереева Ақұштап - 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.

Бимағамбет Әнуарбек - 1980 жылы туған, ақын

Бөдешұлы Жәркен - 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Гарькавец Александр - 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит - 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері

Елеукенов Шериаздан - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Елубаев Смағұл - 1947 жылы туған, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Ерманов Жүрсін - 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жайлыбай Ғалым - 1958 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Жұмаділ Қабдеш - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Қасымов Олжас - 1989 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Қыдырханұлы Уахап - 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мырзахметұлы Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Нұрпейісов Әбдіжәміл - 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Омаров Қанат - 1971 жылы туған, ақын

Оразалин Нұрлан - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Оспан Сейфолла - 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Рәш Мыңбай - 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері

Салғараұлы Қойшығара - 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарай Әнес - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлейменов Олжас - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Тұрғынбекұлы Серік - 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Өнер қайраткерлері

Адамжан Бақтияр - 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Айтуаров Ерлан - 1950 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметова Шайза - 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Аюханов Болат - 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер,

Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әбелдинов Адай - 1987 жылы туған, режиссер-аниматор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Әшімов Асанәлі - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Байбосынов Қайрат - 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Байсейітова Раушан - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Бердіғалиев Хатимолла - 1952 жыл туған, әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Дүйсекеев Кеңес - 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Есжанов Біржан - 1990 жылы туған, дәстүрлі әнші

Еслямова Самал - 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы

Жаманбаев Базарғали - 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Зұлхаш Чапай - 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері

Имаханов Бекен - 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Имашева Баян - 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Клушкин Юрий - 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Күзембай Сара - 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қалиламбекова Қорлан - 1944 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Қастеева Зарема - 1947 жылы туған, балерина, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Қосыбаева Тамара - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мақашева Жанар - 1984 жылы туған, актриса

Манапов Медығат - 1984 жылы туған, дәстүрлі әнші

Мәлібекұлы Жандарбек - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мұсақожаева Райса - 1954 жылы туған, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мышбаева Нүкетай - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нарбеков Мұрат - 1988 жылы туған, виоленчельші

Нүсіпжанов Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Обаев Есмұқан - 1941 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Оразбаев Сәбит - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт - 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Померанцев Юрий - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Рахипова Айнұр - 1984 жылы туған, актриса

Сатыбалдиев Жарас - 1991 жылы туған, күйші

Тасыбекова Торғын - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Тәти Айгүл - 1963 жылы туған, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Тәуекел Сламбек - 1948 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Терещенко Нина - 1945 жылы туған, суретші

Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Уәлихан Шот-Аман - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Хасанғалиев Ескендір - 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері

Шәріпов Фархат - 1983 жылы туған, режиссер

Школьный Арий - 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Жоғары қарай