Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Біз біргеміз: Ақмола облысында 8 мың азаматқа көмек көрсетілді

2020 жылдың 19 мамыр 2020 22:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында 8075 азаматқа азық-түлік түрінде көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, акция шеңберінде мобильдік топ халықтың әлеуметтік-осал топтарына азық-түлік тауарлары мен гигиеналық заттарды жеткізіп жатыр.

Мәселен, ағымдағы жылдың 19 наурызы мен 17 мамыр аралығында 8075 азаматқа азық-түлік түрінде көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын 8005 адам 7 санат бойынша «Біз біргеміз» қоры арқылы 50 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек алды.

«Қазір кезде штаб жұмысы одан әрі жалғасуда. Күн сайын волонтерлер «Есіктен есікке дейін» қағидасы бойынша азық-түлік салынған пакетті мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізуде», - дейді партия филиалының баспасөз қызметіндегілер.


Жоғары қарай