Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Біз біргеміз: Ақмолалық кәсіпкер әйел 3 мың масканы көпбалалы отбасыларға тегін үлестірді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 00:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаулық кәсіпкер әйел өзінің 1,2 миллион теңгесіне сатып алған 3 мың медициналық масканы көпбалалы отбасыларға тегін үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күллі әлемге тараған қатерлі вирус, өкінішке орай біздің елімізді де айналып өтпеді. Осындайда ел азаматтарының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бір-біріне көмек көрсетуі аса қажет. Сондай жандардың бірі-Көкшетау қаласында тұратын жеке кәсіпкер, «Қарлығаш» балабақшасының, «Чайка» балалар лагерінің меңгерушісі, Nur Otan партиясының мүшесі, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Дина Нұрмақанова.

Ол #BizBirgemiz #NurOtan жобасы шеңберінде «Ақай» тігін ательесіне өзінің 1,2 миллион теңгесіне 3 мың медициналық маска тіккізіп, оны волонтерлердің көмегімен көпбалалы мұқтаж отбасыларға тегін үлестірді.

«Еліміз үшін осындай қауырт шақта мұқтаж жандарға көмек қолын созу менің азаматтық ұстаным. Біз осы кезде үлкен жауапкершілік танытып, жұдырықтай жұмыла білуіміз керек. Біз біріккен кезде ғана мықты боламыз», - дейді Дина Нұрмақанова.


Жоғары қарай