Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

#Біз біргеміз: Ақмолалық полицейлер мектеп-интернаттың ауласын қардан тазартты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 21:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері «Біз біргеміз!» челленджіне атсалып, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, челлендж барысында тәртіп сақшылары есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың, облыстық ПД-ның және аудандық полиция бөлімінің аулаларынан қарды күреді.

«Таңертеңнен түске дейін полиция қызметкерлері қолдарына күрек алып және арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстарына қатысты. Мұндай сенбілік адамдарды жақындатып, тамаша көңіл-күй сыйлайды», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, осыған дейін елорданың жастары тұрғын үйлердің ауласын қалың түскен қардан тазарту бойынша бастама көтеріп, оны әлеуметтік желіге #Біз біргеміз хештегімен жариялаған болатын. Ақмолалықтар да #Біз біргеміз челленджін жалғастырып алып кетті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылы аясында қолға алынған бұл эстафетаға қолдау білдірді.








Жоғары қарай