Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Біз қашан да Елбасымен біргеміз! - батысқазақстандық спортшылар

2019 жылдың 22 наурыз 2019 18:09

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық ұлттық спорт түрлері балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы елорданың атауын өзгерту туралы бастаманы қойлдайды. Өздерінің қолдауларын спортшылар zhaikpress.kz сайтында жариялады.

«Біз спортшы ретінде Тұңғыш Президентіміздің қолдауын әрдайым сезініп жүрдік. Бұл шешімнен кейін Елбасымызға оның еңбегі үшін тарихи бағасын бере алдық па деген сұрақ туындайды. Жаңадан тағайындалған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астанамызды Елбасының есімімен атау жөнінде ұсыныс көтерді. Астананың әр ғимаратының қалануына себепші болып, өзінің баласындай дамуына үлес қосқан Елбасымызға неге есімін бермеске?!»,-деді ұжым өкілдері.

Олардың айтуынша, мұндай жағдайлар тарихта көп кездеседі. Мысалы, Вашингтон, Санкт-Петербург секілді қалалар осындай тұлғалардың есімін алды. Сондықтан, Астана қаласы атанып жүрген қала ендігі кезекте Нұр-Сұлтан есімін алса - оның еш оғаштығы жоқ.

«Біздің өміріміз спортпен тікелей байланысты, әр елге жарыстарға шығып жүреміз. Сол кезде жеңіске жетіп, еліңнің аты аталғанда және Қазақстан әнұраны ойнаған кезде үлкен қуанышқа бөленетімізді барлығы біледі. Тереңірек ойлансақ, әр жеңіске жетуімізге үлкен спорт додаларына қатысуға мүмкіндік алғанымыз - Тәуелсіз еліміздің арқасы!

Көк байрағымыз биікте, ел ішінде соғыс жоқ, бейбіт өмір сүріп жатырмыз! Міне, осы факторлардың барлығы біздің әлемге Қазақ спортшысы екенімізді танытуға жағдай жасады. Ал бұл күніміз үшін Елбасыға - Тұңғыш Президентімізге алғыс айтудан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан еліміздің бас қаласы әлем елдері арасында беделі бар, өз елін шексіз сүйіп, халқына бар өмірін арнаған Елбасымыздың атымен аталғаны оң шешім деп ойлаймыз!»,-дейді спортшылар.

Жоғары қарай