Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

#Bizbirgemiz: «Астана» футбол клубы зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 02:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» футбол клубы «Бiз бiргемiз» челленджіне атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы Президенттік кәсіби спорт клубымен бірлесе отырып, Еріктілер жылына арналған челленджге қолдау көрсетті.
Бірінші Лигада өнер көрсететін «Астана жас» командасының футболшылары клуб басшылығымен бірге бұрынғы Тельман кентінің аумағында тұратын зейнеткерлердің ауласын қардан тазалап қайтты.

«Елордада соңғы күндері қар толассыз жауғандықтан астаналық еріктілер «Бiз бiргемiз» челенджін бастап, тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін коммуналдық қызмет өкілдеріне қолдау көрсетуді жөн көрді. Қала тұрғындары бастаманы өз қолдарына алып, аулалардың бір бөлігін қардан тазалап, оны бейнетаспаға түсіріп, #Бізбіргеміз хэштегі арқылы желіге салуды ұсынады», делінген хабарламада.

«Астана» футбол клубы «Бiз бiргемiз» челленджін танымал әзілкеш, әрі клуб жанкүйері Тұрсынбек Қабатовтан қабыл алып, бұл бастаманы әрі қарай Қазақстан Футбол федерациясына, Қазақстанның Кәсіби футбол лигасына, сондай–ақ «Олд бойз» және «12 ойыншы» жанкүйерлерінің бірлестіктеріне жолдайды.

Айта кетейік, елорда еріктілерінің бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған еді.

Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай