Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

#BizBirgemiz: Елордада академиялық филармония ұжымы көшені қардан тазартты

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 00:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика бойынша өнер адамдары бастаған #BizBirgemiz челленджін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұжым елордадағы адамның жүруіне қиындық туғызған көшені қардан тазартты. Қолдарына күрек алғандардың қатарында филармония директоры Ерлан Дакенов пен директордың орынбасары Олжас Сыдықбек бар. Сондай-ақ, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы және «Әлем» эстрадалық би тобы, дәстүрлі әншілер, классикалық және эстрада бөлімнің жетекшісі Арайлым Рахымқызы, «Қорқыт» жетекшісі Шолпан Қорғанбек, Еңбек сіңірген қайраткерлер Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаевалар да қатысты.

Үш сағаттың ішінде жиналған күртік қарды енді коммуналдық мекемелер арнайы техникамен қалалық полигонға жеткізеді.

Ал шараға үлес қосқан өнер адамдары игі істің әрдайым қажет екенін, жастарға үлгі болатынын, бірге шешілмейтін мәселе жоқтығын айтып жатыр. Филармония ұжымы барлық қазақстандықты акцияға үн қатуға шақырды.

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Волонтер жылы» шеңберінде белгілі сахна шебері Тұрсынбек Қабатов бастаған елордалық өнер ұжымдарының «Біз Біргеміз» челлендж-бастамасына қолдау білдірген еді.

«Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.




Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қайырымдылық, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай