Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

БҚО-да ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 17:56 1048

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 4 наурыз күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын соғып, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Оған қоса күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оралда да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

«Қазіргі кезде тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, облыс көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар алынуда», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ТЖ департаментінен.

Сонымен қатар департамент республикалық маңызы бар Тасқала - РФ шекарасы, облыстық Ақсай - Жымпиты, Федоров - Ақсай, Тасқала - Аққурай - Болашақ жолдарының әлі жабық екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауа райына байланысты ескерту жарияланып, 300-ден астам адамның қар құрсауынан шығарылғанын және бірқатар жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай