Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

БҚО-да боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 19:52 822

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстаноблысында боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 16.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара - Шымкент жолы (394-526 км, Жымпиты -Ақтөбе облысы шекарасы аралығы) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайыновтың айтуынша,  облыс бойынша соңғы үш күнде 406 адам қарқұрсауынан құтқарылды.

Сонымен қатар 114 автокөліктазартылған жерге шығарылып, 17 адам эвакуацияланды.

 «Қазіргі кезде де құтқарушылар жол бойларындажұмыс жасауда», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ж.Құсайынов.

Еске сала кетейік,бұдан бұрын ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланғанын, ал бүгін жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Жоғары қарай